Кибербуллинг дегеніміз не?
•Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау.
Егер де:
саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
•сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
•әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
•сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
•саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
•жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
•сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.
Кез келген адамның кибербуллинге ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.