Мектеп тарихы
1963ж.- Көкшетау облыстық қазақ мектеп-интернаты;
31.12. 2004 ж.- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған Ақмола облыстық қазақ орта мектеп-интернаты;
13. 12. 2005 ж. -ҚББ «Жалпы түрдегі мектеп-интернаты» ММ;
07. 07. 2006 ж. - ҚББ «Көп салалы № 9 мектеп» ММ;
14. 09. 2006 ж. -Ақмола облыстық білім департаменті «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық қазақ мектеп - интернаты» ММ;
24.06. 2008 ж.-Ақмола облыстық білім басқармасы «Көкшетау қаласы,(қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» ММ;
28.02.2013 ж.- «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ;
2020 жылдан бастап «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп- интернаты» КММ.
Аяулы мектебімізге-60жыл!
Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты Талай түлектерді қанаттандырып ұшырып, білім беру ісіне елеулі үлес қосып келе жатқан алғашқы мектептің шаңырақ көтергеніне 60 жыл толып отыр. Құдіретті күн сәулесі сияқтанып алғаш рет шәкірттеріне есігін айқара ашқан күннен бастап осы қара шаңырақ шәкірттерінің жүрегіне нұр құйып, білім нәрімен сусындатып, олардың бойына адамгершілікті, парасаттылықты дарытып келеді. 1963 жылғы балаларды білім ал деп шақырған сыңғырлаған қоңырау үні осы мектепте аянбай әр жылдарда қажырлы еңбек еткен ағайларымыз бен апайларымыздың арқасында үзілмей осы 2024 жылы 60-ші рет сыңғырлап бүлдіршіндерді білім ордасына шақырды.
Архив материалдарына үңілетін болсақ мектептің алғашқы басшысы Комраков Степан Яковлевич деген азамат болған екен, алғашқы нардың жүгі ауыр демекші 1964 - 1970 жылдары Сейітов Тәшім Сейітұлы ағайымызға барлық мектептің ұйымдастыру жұмыстары жүктелген екен. (1970-1979жж), Касенов Шайкен Касенұлы. (1979-1983жж), Нұркеев Жылқайдар Бекболатұлы, (1983-1989жж), Әбілмаженов Шамған Әбілмаженұлы 1989-1991жж), Сағындыков Кенжебай Сагандыкович ағаларымыздың тұсында мектептің нағыз тарихы басталды деп айтуға болады. (1991-1996жж Джумабаева Нүрикамал Хакімқызы келуімен мектсптің жаңа тынысы басталады. (1996-1999жж) қиын екені бәрімізге белгілі сол кезде мектеп-интернатын Қонкашев Марат Айдарханұлы, содан кейн (1999-2001жж), Келесов Кенжебек Тұрлыбекұлы басқарды. (2001-2003жж) мектептің келбетіне көптеген өзгерістер енгізген Шагиров Сәбит Меңдібайұлы, (2003-2006жж) Сагитова Ляззат Мамырқызы басшылық жасаған кезде дарынды балаларға арналған мамандандырылған Ақмола облыстық қазақ орта мектеп– интернаты статусы берілді. Әр баланың жанашыры Мұхамбет Қайырлы Жанәбілұлы (2006-2008жж) басқарған кезде мектебіміз көркейіп жаңа белестерге жол бастаған екен. Өзіңнің тынымсыз ізденісті игі еңбегімен ел, ұжым құрметіне бөленген мектеп директоры Сағат Елубайұлы 2008-2012 оқу жылы аралығында мектеп - интернатын басқарды. Білікті де, білгір маман - өз ісінің шебері, жаңа істердің ұйытқысы, үнемі жаңалыққа ұмтылуымен еңбек еткен. Кенжебай Айдосұлы Бекбай, Асель Кайратовна Калымова, Дана Манаповна Искакова сынды білімді де тәжірибелі басшылар білім ошағын басқарған кезінде мектептің оқушылары халықаралық, республикалық деңгейде жетістіктерге жетті. Мектебіміздің тарихында әр жылдардағы директорларының оқу орнының өсіп – өркендеу барысында алатын өз орны бар. Әрбір мектеп директорының қажырлы да жемісті қол таңбалары бүгінгі күнге дейін айқын сезіліп келеді.
Мектептің жаны - мүғалім» - деп Ахмет Байтүрсынов айтқандай, қай мектепте болсын негізгі түлға - үстаз. Аталмыш мектеп бастауын алғанда талай өмірлерін білім беру ісіне арнаған ағайларымыз бен апайларымыздың түлғасы әлі күнге дейін мектеп тарихында үлкен әріптермен жазылады.
Шабжантаева Мақтым Шабжантаева, Еримжанова С.Е, Омарова З.О,Маралова Ы.А, Жумабаев Б.К, Каликайдаров Е.К., Жакупова Х.А.,Балахметова З.Б., Сеитова О.К., Ахтанова У.М., Жакеева К.Д.,Газизова К.С.,Талипова Д.Т., Жанмуканова М.Ж., Жылкибаева К.Ж., Жуматаева А.С., Байдильдин Т.Б., Елемесова Г.Ш, Искакова К., Елеуова Р.А., Калина Р.Г., Рахимжанова Б.С., Камышева М.С.
Мектептің үлкен мақтанышы – оның түлектері. 60 жыл ішінде мектепті 9304 оқушы тәмамдады. Қазіргі уақытта мектеп түлектері біздің тәуелсіз республикамыздың өркендеуіне өз үлесін қосуда. Әскери борышын өтеуде, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында оқып, әр салада тынымсыз еңбек етуде. Мектеп түлектері - біздің мақтанышымыз.