PISA (Programme for International Student Assessment) - Білім алушылардың жетістігін халықаралық бағалау бағдарламасы
PISA бағдарламасының мақсаты - оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шешу біліктіліктерін бағалау.
Жобаның үйлестірушісі
Экономикалық Ынтымақтастық және Даму ұйымы (ЭЫДҰ)
PISA – 15 жастағы білім алушылардың математикалық, жаратылыстану және оқу сауаттылығы деңгейлерін бағалайтын халықаралық зерттеу.
PISA зерттеуі функционалдық сауаттылығын бағалайды:
әртүрлі өмірлік жағдайларда білімді тиімді пайдалану, логикалық ойлау және негізгі қорытынды жасау,
ақпараттық кестелер мен диаграмаларды және т.б. қолдану қабілеті.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.
PISA зерттеуі 2000 жылы басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі.
Бұл қатысушы-елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қатысушы елдер саны
PISA - 2000 |
… |
PISA - 2015 |
PISA - 2018 |
43 ел |
71 ел |
78 ел |
Қазақстан оқушыларының көрсеткіштері
(орташа балл саны бойынша, max-1000)
ПӘНДЕР |
2009 |
2012 |
2015 |
2018 |
Математикалық сауаттылық |
405 |
432 |
460 |
423 (54-ші орын) |
Жаратылыстану сауаттылығы |
400 |
425 |
456 |
397 (69-шы орын) |
Оқу сауаттылығы |
390 |
393 |
427 |
387 (69-шы орын) |
Зерттеу үш жылдық кезеңмен өткізіледі.
Әрбір кезеңде басым бір бағыты анықталады.
Оқу сауаттылығы |
2000, 2009, 2018 |
Математикалық сауаттылық |
2003, 2012, 2021(22) |
Жаратылыстану сауаттылығы |
2006, 2015 |
PISA – 2021(22) ерекшеліктері
Дүниежүзілік пандемияға байланысты 2022 жылға ауыстырылды
Математикалық сауаттылық |
Негізгі |
Оқу сауаттылығы |
Қосымша |
Жаратылыстану сауаттылығы |
Қосымша |
«Креативті ойлау» ерекшелігі |
Негізгі |
Компьютерлік формат
PISA – 2021(22) электронды форматта өтеді, яғни арнайы компьютерлік бағдарлама қолданылады
Өту мерзімі:
2022 жыл, Наурыз-сәуір
Қатысушылар:
Кездейсоқ тәсілмен еліміздің қатысушы мектептері мен колледждері анықталады (шамамен 10%-ы)
Мектептегі 15 жасқа толған 9-10 сынып оқушылары қатысады.
PISA-2022 циклінің ерекшеліктері
Тапсырма үлгілері
Дұрыс жауап: Оқушылар жанартау белсенділігінің немесе жер сілкінісінің болу ықтималдығы аз жерді анықтау үшін, картада берілген деректерді түсіндіруі керек, солтүстік Еуропаның үстіндегі картадағы D орны.
Дұрыс жауап: Оқушылар жер бетіне жеткен күн сәулесінің таралу пайызы ірі жанартау атқылауы кезінде төмендейтінін көрсете отырып, графикалық деректерді түсіндіруі керек, сондай-ақ жанартау шығарындылары күн сәулесін көрсетеді немесе жұтады дегенді көрсететін немесе тұспалдайтын түсіндірме беруі керек.
Дұрыс жауап: Оқушылар 2-орын мен 4-орында өзендегі су молекулаларының бар екенін анықтау үшін, диаграммада берілген судың электр станциясымен қалай қозғалатыны жайлы түсінгендерін қолдануы тиіс.
Дұрыс жауап: Оқушылар тұщы мембрана арқылы су қозғалысының су мен тұзды судағы тұздың концентрациясына әсерін анықтау үшін, анимацияны пайдалануды сұрайды. Дұрыс жауабы: Молекулалардың мембрана арқылы қозғалуына қарай, тұщы суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы ұлғаяды, ал тұзды суы бар резервуардағы тұздың концентрациясы азаяды.
PISA зерттеуіне дайындық ресурсы - BILIM CENTER
PISA зерттеуіне дайындық ресурсы - AMAN SULTAN
Әдістемелік құралдар мен Тест тапсырмаларының жинағы
PISA-2022 халқаралық зерттеу емтиханына қатысатын оқушылар тізімі
PISA-2022 халықаралық зерттеу емтиханына дайындық жұмыстарының жоспары
PISA-2022 халықаралық зерттеуі алдында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету жоспары
PISA-2022 зерттеуіне дайындық жұмыстары
«PISA ЗЕРТТЕУІ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ» тәжірибе алмасу семинары