Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жатақханада тұру ережелері

Жүктеп алу

Жатақханадағы тәрбиеленушілер үшін ішкі тәртіп ережесі

Жалпы ереже:

         Әр оқушы өз бойында Қазақстан Республикасының жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға міндетті.

1.Интернаттың барлық тәрбиеленушілерінің ішкі тәртіптің ережелерін білуі және орындауы, өздерін өнегелі ұстауға тиіс;

2.Тәрбиеленушілер белгіленген күн тәртібін сақтап өзіне-өзі қызмет ету жұмысына қатысуға, кезекшілікке мұқият түрде қараулары тиіс;

3.Бөлмелерді таза және гигиеналық талапқа сай ұстауға тиіс;

4.Бөлмеде және жатақхана ішінде ішімдік ішуге, темекі шегуге тыйым салынады;

5.Жатақханадан шығарда, бөлме кілтін вахтаға тапсыруға міндетті;

6.Оқу жылы бойы себепсіз сабақтан қалмауға тиіс;

7.Сабаққа белсене қатысып, үй тапсырмасын үнемі орындап отыруға, қосымша білімін көрсетуге міндетті;

8.Қабілетіне, құзығушылығына қарай түрлі үйірмелерге қатысуға, қоғамдық жұмыстарға белсене  араласуға тиіс;

9.Мектеп-интернатының мүлкін, басқа жабдықтарын сақтауға, бүлдірмеуге, ластамауға, бүлдірген жағдайда оқушының ата-анасына ескертіп, шығынның орның толтыруға жауапты;

10.Жасы кішіге, әлсіздерге, жаңадан келген оқушыларға үстемдік, өктемдік жасауға тыйым салынады;

11.Жатақханада барлық тәрбиешілер, интернатқа арнайы келген қонақтарымен, техникалық қызметкерлермен сәлемдесіп жүргені абзал;

12.Жатақхана ережеге сәйкес формасын сақтауға және екінші аяқ киім киюге;

13. Жатақхана ішінде, интернат ауласындағы қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға;

14.Еңбек тәрбиесі бойынша тапсырмаларды орындау барысында қауіпсізідік ережелерін қатаң сақтауға;

15.Балалардың ұялы телефондарының, ноутбук, планшет жоғалуы мен істен шығып  қалуына мектеп-интернат жауапты емес;

16.Электр құрал-жабдықтары: шаш бұйралағыш, шаш кептіргіш, қосымша қосылғыштар(двойник, тройник), электро-шәйнек, үтіктер,өткір құралдар пышақ, қайшы, алмас, ине т.б қолдануларына тыйым салынады, қолдануға болмайды;
17.Өрт қауіпсіздігі, жол ережелерін оқып, біл және сақтауға міндетті;

18.Біреудің затын рұқсатсыз иемденуге болмайды, жоғалған немесе ұмытып кеткен затты кезекші тәрбиеші немесе әкімшілікке тапсыру;

19.Сабақ кезінде медбикенің немесе тәрбиешінің рұқсатынсыз кетуге болмайды;

20.Тәрбиешілердің еңбегіне құрметпен қарауға. Тәрбиеленушілердің өзін-өзі басқару ұйымының талаптарын орындауға;

21.Қоғамдық, жеке бас гигиенасын, қысқа және ұзын шашты жинап оқушыға сай шаш үлгісін сақтауға;

22.Демалыс кезінде әкімшіліктің және тәрбиешінің рұқсатынсыз жатақхана ауласынан шығуға болмайды;

23.Тәрбиеленушілер бір-біріне дөрекі сөйлеуге, күш қолдануға болмайды;

24.Терезе жақтауында отыруға, өз бетімен терезені ашуға қатаң тыйым салынады.

25.Спиртті ішімдіктер, темекі, есірткі және уландырғыш заттарды әкелуге және қолдануға болмайды.

Асханадағы өзін –өзі ұстауы

1.Тамақтану кезінде өзін жақсы мәнермен лайықты ұстауы керек;

2.Оқушылар асхана қызметкерлеріне құрметпен қарауы керек;

3.Оқушы тамақтанып болған соң үстелді жинайды, орындықты орнына қояды;

4.Асханада сыртқы киіммен тамақтануға болмайды;

5.Асханаға кешікпей келіп, кезекшілердің рұқсатымен кіру міндетті;

6.Тамақ ішкен кезде тыныштық пен тәртіп сақта;

7. Ыдысты аяққа, ас  үйдің құрал-жабдықтарын және асхананың мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті.

 

Жаңартылған күні: 09.02.2019 10:02
Құрылған күні: 12.05.2020 19:41

Текст