2020 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет есебі жөнінде ашық талқылаулары туралы мәлімет
«Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы Заңының орындалуы қазіргі уақытта ерекше назарға аланып сапалы, тиімді қызмет көрсетілуде.
2020 жылдың ашық талқылау қорытындысы бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық негіздемесіне қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі 56 рет, «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі 2 рет, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі 4 рет көрсетілді. Биылғы жылы бүкіл елде пандемия болғандықтан жаңа оқу жылына оқушыларды қашықтықтан қабылдау үшін WhatsApp messages арқылы топтар құрылып және akmol.kz ,«Egov» порталы арқылы құжаттарды қабылдап, «Мемлекеттік қызмет көрсету» жұмысы қарқынды, белсенді қызмет жасалды.
Сонымен қатар, «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі - Egov» тақырыбында бейнесабақ жүргізілді.
Қосымша: фотоесеп
2019 жылдан бастап мектеп-интернаттың 1 қабатының 105 кабинетінде «Egov» бұрышы ашылып, жұмыс жасауда.
Қосымша: фотоесеп
Мектепте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" ашудың негізгі мақсаты:
1. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және мектеп қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы "Еgov.kz" мектеп қызметкерлерінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін арттыру және жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік қызметтерді мобильді азаматтар базасында тіркелу арқылы бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады.
4. Қызметкер өзінің жеке кабинетіне кіріп, тұрғын үй кезегін, әкімшілік айыппұлдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымды, зейнетақы аударымдарын және т. б. көре алады.
Сондай-ақ үйде интернетке қол жеткізе алмайтын жаңадан келген оқушылардың ата-аналары (көрсетілетін қызметті алушылар) мектептегі "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" белсенді пайдаланады.
"Электрондық үкімет" Еgov.kz порталы арқылы балаларды Абай атындағы №3 ДБАОММИ КММ қабылдау үшін өтініш береді. Өтінішке қажетті құжаттар қоса тіркеледі (ф-26 анықтама, Ф-63 анықтама, фото).
"Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" принтермен, сканермен жабдықталған, сондай-ақ электрондық үкімет "Еgov.kz" порталында тіркеудің қадамдық нұсқаулығы бар стенд бар.
Мектепте Egov.kz порталында анықтамаларды өз бетінше алу бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
Мемлекеттік қызмет берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жылдан жылға оң көзқарасын көрсетуде және көрсетілген қызметтері стандартқа сай орындалады. Ақмола облысы білім басқарамасының «Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2012 жылдың тамыз айынан бастап «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» және «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
«Мемлекеттік қызмет көрсету» туралы Заңының орындалуы қазіргі уақытта ерекше назарға аланып сапалы, тиімді қызмет көрсетілуде.
2019 жылдың қорытындысы бойынша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық негіздемесіне қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі 88 рет, «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі 5 рет, «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі 1 рет көрсетілді.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет көрсету деген не?» тақырыбында дөңгелек үстел, «Мемлекеттік қызмет көрсету» атты іскерлік ойын, «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі Egov» тақырыбында сабақ жүргізілді.
Ағымдағы жылы мектеп-интернаттын 1 қабатының 105 кабинетінде «Egov» бұрышы ашылып, жұмыс жасауда.
Мемлекеттік қызмет көрсету жеке тұлғаларға тегін және келесі жұмыс кестесі бойынша көрсетіледі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі мен жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Байланыс телефоны: 8(7162)77-10-79
Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын)
дарынды балаларға арналған №3
облыстық мамандандырылған
мектеп-интернаты