Мектептің қамқоршылық кеңесі дегеніміз не?
Қамқоршылық Кеңесі-қоғам мен мектеп арасындағы өзара қарым- қатынас жасау құралы, серіктестік негізінде жергілікті қоғамдастық пен мектеп арасында байланыс ортатуға мүмкіндік беретін ашық жүйе.
Қамқоршылық кеңесі жұмысының негізгі мақсаты неде?
Қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты – жарғылық функцияларды жүзеге асыруға, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын күшейтуге жәрдемдесу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сондай-ақ БҰ шотына келіп түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылау жүргізу.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің қызметі нені қамтиды?
Мектептің Қамқоршылық кеңесінің құзіреттілігіне төмендегідей өкілеттіліктерді жүзеге асыру кіреді:
Қамқоршылық кеңестің құрамын кім бекітеді және қалай қалыптастырылады?
Қамқоршылық кеңестің құрамын тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы бекітеді және Қамқоршылық кеңеске мүше болуға үміткерлердің жазбаша келісімімен алынған ұсыныстардың негізінде қалыптастырылады.
Қамқоршылық кеңестің құрамына кімдер кіреді?
Мектептің қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі қанша уақытты құрайды?
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі бір жылды құрайды.
Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірді ме?
Қамқоршылық кеңес мүшелері сол білім беру ұйымы қызметкерлерінің штатына кірмейді.
Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны қанша адамнан аспау керек?
Мемлекеттік органдардың өкілдері болып табылатын Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны үш адамнан аспайды.
Мемлекеттік органдардың өкілдерінің Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайлануға және оның міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар ма?
Мемлекеттік органдардың өкілдері Қамқоршылық кеңестің төрағасы болып сайланбайды және оның міндеттерін жүзеге асырмайды.
Қамқоршылық кеңестің отырысы қалай шақырылады?
Қамқоршылық кеңестің отырысын шақыру туралы хабарламаға Қамқоршылық кеңес төрағасының қолы қойылып, хабарлама отырыс өткізілетін күнге дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей қажетті материалдармен бірге Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне және Қамқоршылық кеңес қызмет ететін білім беру ұйымына жолданады.
Хабарламада отырыстың өткізілу күні, уақыты және орны жазылады.
Хабарламаға баяндамашы көрсетілген отырыстың күн тәртібі, күн тәртібіне қосуға себептерді көздейтін анықтамалық материалдар, Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне ұсынылатын отырысқа қажетті құжаттар қоса беріледі.
Қамқоршылық кеңестің отырысы қанша рет өткізіледі?
Қамқоршылық кеңестің отырысы қажеттілігіне қарай, тоқсан сайын кемінде бір рет өткізіледі.
Мектептің қамқоршылық кеңесінің шешімі қалай қабылданады?
Қамқоршылық кеңестің шешімі ашық дауыс беру арқылы оған қатысқан мүшелердің дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тепе-тең түскен жағдайда Қамқоршылық кеңестің төрағасы, ал ол болмаған жағдайда Қамқоршылық кеңес төрағасының міндеттерін атқаратын тұлға дауыс берген шешім қабылданады.
Қамқоршылық кеңестің шешімі қалай ресімделеді?
Қамқоршылық кеңестің шешімі отырысқа қатысқан Қамқоршылық кеңестің барлық мүшесі қол қойылған хаттамамен ресімделеді.
Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы қайда жолданады?
Хаттама Қамқоршылық кеңестің отырысы өткізілгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады.
Неге Қамқоршылық кеңес отырысының хаттамасы тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына жолданады?
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органы өзінің интернет-ресурсында Қамқоршылық кеңестің қабылдаған шешімдері туралы ақпаратты орналастырады.
Қайырымдылық көмектерден түсетін түсімдер қайда жұмсалады?
Қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат беріледі ме?
Білім беру ұйымы жыл сайын қаржылық жылдың қорытындысы бойынша сол білім беру ұйымының интернет-ресурсында, тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органының өзінің интернет-ресурсында тиісті есепті орналастыру арқылы қайырымдылық көмек қаражатының пайдаланылуы және қозғалысы туралы жұртшылыққа ақпарат береді.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын қай кезде тоқтатылады?