«Домбыра сазы» үйірмесі
Домбыра- ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ән айту - өнері арқылы қазақ халқының рухани жан дүниесі бейнеленген
Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына қызығушылық танытқан, оны үйренуге ынталы, 7- 9 сыныптардың оқушылары тартылды. Үйірменің балаларға берері көп.
Үйірменің мақсаты: Домбыра аспабын ұлттық тәрбие құралы ретінде кеңінен қолдана отырып, аспапқа деген қызығушылығын арттырып, оқушыларды домбырада ойнауға үйрету.
Міндеті:
- Ұлттық аспап-домбыраның құрылысымен танысу;
- Домбырамен күй тартып үйрену;
- Домбыраны нақышына келтіріп орындау;
- Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жас жеткіншек бойына сіңіру;
- Ұлт өнеріне деген қызығушылық пен сүйіспеншілігін арттыру.
Күтілетін нәтиже: қазіргі заман талабына сай домбыра аспабын жақсы деңгейде меңгерген, халықтық музыка тарихынан хабардар, эстетикалық тәрбиелі, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан бәсекеге қабілетті жеке тұлға даярлау.