Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Көшбасшылар мектебі» үйірмесі

«Көшбасшылар мектебі»  үйірмесі  

Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы білім беру жүйесі жалпыадамзаттық, ұлттық, этно-мәдени және тұлғалық құндылықтарды үйлестіруге, оқушы жастардың біртұтас дүниетанымын, азаматтық санасын және өмірлік дағдыларын дамытуға бағдарланады. Қазіргі қазақстандық қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер өскелең ұрпақты тәрбиелеуге жаңа талаптар қояды. Қазақстан қоғамына таңдау жағдайында өз бетінше шешім қабылдайтын, ынтымақтастыққа қабілетті, ұтқыр, динамизм, конструктивтілігімен ерекшеленетін, елдің тағдыры үшін, оның әлеуметтік, экономикалық өркендеуі үшін жауапкершілік сезіміне ие көшбасшы  жастар өте қажет. Осыған байланысты жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту проблемасы ерекше маңызға ие болып отыр.

  Мақсаты:  Оқушылардың елжандылыққа және азаматтық жауапкершілікке, жоғары адамгершілік құндылықтарға, олардың біліктілік қабілеттерін, денсаулық сақтау ортасын, отбасы мен әлеуметтік  тұрғыда өзінше ойлай білетін  жан-жақты дамыған интеллектуалды  құзіретті тұлғаны   қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Қазақстандық патриоттық пен адамгершілікті қалыптастыру;
  •  Адамгершілік пен рухани мәдениетін қалыптастыру;
  •   Салауатты өмір салтын тәрбиелеу;
  •  Отбасылық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
  •  Экологиялық мәдениет пен еңбек тәрбиесін қалыптастыру;
  •  Оқушының өзін-өзі басқаруын қалыптастыру;
  •  Білімге құштарлық мотивациясын қалыптастыру.

Нәтижесінде:

  • Кешегіні білетін, бүгінгіні түсінетін көшбасшы;
  • Алдына мақсат қойып, оған жол таба білуші көшбасшы;
  • Жер ана-үйім, Отаным, адамдар-бауырым дейтін көшбасшы;
  • Әр ортада өз орнын таба білетін көшбасшы;
  • Адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдай алатын, мәдениетті көшбасшы.
Жаңартылған күні: 17.05.2020 15:45
Құрылған күні: 01.12.2021 16:35

Текст