2021-2022 оқу жылы интернатқа қазіргі уақытқа балалрдың саны 139. Оның ішінде 73 қыз, 66 ұл.
Жатақханада күндіз сегіз тәрбиеші, түнде алты тәрбиеші жұмыс атқарады. Жоғары білімді тәрбиешілер балаларға тәлім - тәрбие беруде, ал түнде алты тәрбиеші балаларды қадағалап, қызмет жасайды. Жатақханаға оқушылар келісім шарт бойынша қабылданды. Оларға жатақхана ережелерімен күн тәртібін сақтауға, бөлме, асханадағы кезекшілік міндеттерін түсіндіру, санитарлық - гигиеналық нормаларды терең игеру, тұрмыс мәдениетін тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізіледі. Әр бөлме 2,3,4 балаға арналған. Оқушылар үшін демалыс, ойын бөлмелер, шахмат, тоғызқұмалақ, теннис ойнайтын, күреспен айналысатын бөлмелер жұмыс жасайды.
Балалар бес мезгіл тамақ ішеді. График бойынша асханада кезекшіліктерін атқарады. Апта сайын тегін моншаға апарылып, әр жеті күн сайын төсектері ауыстырылады. Тәрбиенушілер қыркүйек айынан бастап өздерінің арасынан топ басшыларын сайлады. Олар жатақхана ішіндегі, мектептегі өткізілетін іс - шараларға белсене қатысады.