Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019-2020 оқу жылы Ғылыми-әдістемелік жұмыс есебі

Презентация 

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатан) дарынды  балаларға арналған

№3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернаты

 

 

2019-2020  оқу жылы атқарылған

мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының

есебі

 

      2019-2020 оқу жылы мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысы «Жаңартылған білім беру жағдайында мұғалімнің кәсіби дамуына көмек көрсету» әдістемелік тақырыбында жүргізілді.

Мақсаты: Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығын жетілдіру

Міндеттері:  

1. Жаңартылған білім мазмұны бойынша мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.

2. Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.

Мұғалімдердің сапалық құрамы:

Осы мақсатты орындауда 5 әдістемелік   бірлестікте  29 мұғалім,  және 1 педагог-психолог қызмет атқарды.

Химия биология,ағылшын тілі: 7 педагог, оның ішінде «Педагог-шебер» -1,  «Педагог –зерттеуші» -2 «Педагог –сарапшы» -1, «Педагог-модератор»-1, санаты жоқ -2

Математика физика информатика: -7 педагог, оның ішінде «Педагог –зерттеуші» -4 , екінші санатта -1, санаты жоқ -2

Қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті- 5 педагог, оның ішінде «Педагог –зерттеуші» -2 , «Педагог-модератор»-1, жоғары санатта -2.

Тарих география өзін-өзі тану -5 педагог, оның ішінде  «Педагог –зерттеуші» -3 , жоғары санатта -1, бірінші санатта -1

Көркем еңбек технология дене шынықтыру АӘД- 5 педагог, оның ішінде «Педагог –зерттеуші» -1 , «Педагог-сарапшы»-1, жоғары санатта -1, санаты жоқ – 2

Барлығы- -29 педагог, оның ішінде «Педагог-шебер» -1, «Педагог –зерттеуші» -12 , «Педагог –сарапшы» -2, «Педагог-модератор»- 2,  жоғары санатта – 4, бірінші санатта -1, екінші санатта -1, санаты жоқ -6

Мұғалімдердің  кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыру:

2019-2020 оқу жылы 4 педагог  пәндері бойынша қысқа мерзімдік біліктілік курстарынан өтті.

«Өзін-өзі тану»пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Кусаинова С.З. Көкшетау қаласы «Өрлеу» ҰБАО АҚ  филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ біліктік арттыру курсын  өтіп, сертификатқа ие болды.

Искакова Д.М.  химия пәнінің мұғалімі, Нұр-Сұлтан қ. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік  

орталығында  «Химия» пәнінен жалпы білім беретін 9-сынып білім алушыларын қорытынды 

 аттестаттау тапсырмаларын құрастыру және сараптау» тақырыбында біліктілік курстан өтіп, сертификатқа ие болды. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Шаяхметова С.С. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша Көкшетау қаласы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының  филиалы және педагог-психолог Балгабекова З.А.  «Өрлеу» ҰБАО АҚ  филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚБАИ онлайн режимінде біліктілік курстардан өтті.

Педагогикалық тәжірибені   жинақтау, тарату:

   Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің шығармашылық іс- әрекетінің нәтижесін жинақтау және тарату  мақсатында мектеп педагогтары облыстық, республикалық деңгейде өткен конференция, семинар, кәсіби конкурстарға белсенді қатысты.

 2019 жылдың қараша айында «Дарын» республикалық ғылыми – практикалық орталығы өткізген «Келешекке – кемел біліммен» атты республикалық семинарында биология пәнінің мұғалімі Торсунова Б.Р. баяндама дайындап, өз тәжірибесімен бөлісті. 18-20 ақпан аралығында Өскемен қаласында «Оқыту мен тәрбиелеудегі құзіреттілік: құралдар және мүмкіндіктер» тақырыбында өткен республикалық оқу-әдістемелік кеңесіне  мектеп директоры Искакова Д.М. қатысты.

 «Дарын» РҒПО ұйымдастырумен Тараз қаласында жас мамандар арасында өткізілген «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты Х Республикалық педагогикалық олимпиадаға Торсунова Б.Р.қатысып Грамотамен марапатталды. Алматы қаласы  өткен  «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсына тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл қатысып  Грамотаға ие болды. 2020 жылдың 17-25 мамыр күндері Ақмола облысы білім басқармасы жалпы орта білім беру мекемелерінің педагогикалық қызметкерлері арасында онлайн режимінде өткен «Үздік педагог-2020» облыстық конкурсына  математика пәнінің мұғалімі  Куспекова Канагат Магауовна қатысты. Мамыр айында қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында жалпы пәндер бойынша «Үздік бейнесабақтар» облыстық конкурсына 11 педагог қатысты. Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университеті «Мектеп және университет: ғылыми ынтымақтастық қырлары» тақырыбында өткен ғылыми-практикалық конференцияға «Жас ғалым» мектеп оқушылары ғылыми қоғамының секция жетекшілері Маханбетова Б.Ж. мен Торсунова Б.Р. оқушыларымен қатысты. Мұғалімдер арасында өткен «Математика» пәнінен республикалық онлайн олимпиадасында Куспекова К.М. 1- орынға иеленді Педагогикалық тәжірибе мектебі өз жұмысын жалғастырды. Педагогикалық ұжымның кәсіби шеберліктерінің өсуіне мүмкіндік жасау мақсатында тарих пәнінің мұғалімдері Әдей Ж., Алпыспаева С.А. «Белсенді тәсілдерді таңдау шеберлігі» атты шебер сынып , математика пәнінің мұғалімдері Шалабаева А.Б., Куспекова К.М., Оразова Г.К. «Жаңаша оқыту – жетістік көзі» тақырыбында мұғалімдермен тренинг өткізді. «Қалыптастырушы бағалау – ағымдағы оқу үлгерімнің көрсеткіші», «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту құралы ретінде сабақ тапсырмаларын жобалау» тақырыптарында екі мектепішілік семинар –практикум өтті. Әдістемелік кеңес отырыстарында жоспарланған сұрақтардың барлағы қарастырылды.

Жас мамандармен жұмыс:

Жас мамандар мектебінің құрамына жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған жоғарғы, орта арнаулы оқу орнын жаңа бітірген жастар мен еңбек өтілі 3 жылға дейінгі мамандар кірді. Жас мамандар мектебінің жұмысы арнайы құрылған жоспар бойынша жүйелі жүргізілді.Жас мамандарға тәлімгер мұғалімдер тағайындалды. Жас мамандар мектебінің отырыстарында мектеп құжаттарын дұрыс сауатты жүргізуден бастап,  нормативті құжаттарды , әдістемелік нұсқау хаттарды оқып ,зерттеу,басшылыққа алу  жөнінде кеңес берілді.Тәлімгерлер- мұғалімдер жас мамандардың сабақтарына, жас мамандар тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып отырды. Жас педагогтар Мақұлбек М.М., Нуржан А.Б., Байсалбаев Н.А., Каркынов Д. мектебімізде өткен пән онкүндіктеріне белсене қатысты, инновациялық технологияларды қолдана отырып ашық сабақтар көрсетті, сыныптан тыс іс-шараларына өз үлестерін қосты. Мектептің  «Смарт» зияткерлік ойындар клубының жұмысын белсенді жүргізді, 7-10 сыныптар арасында жақсы, мазмұнды зияткерлік конкурстар өткізді. Облыстық, республикалық қашықтық олимпиадаға мен байқауларға қатысты. Qaztest.kz сайты мен Абай атындағы ҚазҰПУ жас мамандардың педагогикалық біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған IV Республикалық «Үздік жас маман» олимпиадасында химия пәнінің мұғалімі Мақұлбек М.М.1 дәрежелі Дипломмен  және төсбелгісімен марапатталды. Облыстық «Үздік бейнесабақ» конкурсына жас мамандар Байсалбаев Н.А., Мақұлбек М.М. қатысты. Пән мұғалімдері Мақұлбек М.М., Нуржан А.Б., Байсалбаев Н.А. оқушылары облыстық «Зерде», ғылыми жобалар конкурсында, «Тіл дарыны» облыстық конкурсында жетістіктерге жетті.

Аттестация бойынша жұмыс:

 2019-2020 оқу жылында аттестаттаудан «Педагог –зерттеуші» санатына мерзімінен бұрын  өтуге бмология пәнінің мұғалімі Торсунова Б.Р. өтініш берді.

 Дарынды балалармен жұмыс

Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты: Оқушылардың жеке тұлғалық зияткерлік және шығармашылық құзыреттілігін дамыту.

2019-2020 оқу жылы облыстық, республикалық деңгейде өткізілген олимпиадалар мен конкурстарға қатысқан 73 оқушының 46 жүлделі орындарға, 7 грамоталарға ие болды.

Тиімділігі - 72%.

2019-2020 оқу жылында қатысқан конкурстар мен олимпиадалар нәтижесі:

Облыстық  XI  Президенттік олимпиада

Қатысқан оқушы саны – 4. Орын саны – 3 (1орын – 1, 3 орын –2, Тиімділігі-75 %

Республикалық 2 (қашықтық)  кезеңіне қатысқан оқушылар саны -3;

Қ. Сәтпаев атындағы химия пәнінен облыстық олимпиада

Қатысқан оқушы саны – 3. Орын саны – 1  (2 орын – 1)

Тиімділігі – 33 %. Республикалық кезеңіне қатысқан оқушы саны -1

Облыстық "Зерде" зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы

Қатысқан жоба саны – 11, оқушы саны – 12.  Орын саны – 9, грамота -1

( 1 орын – 1 , 2 орын – 3 , 3 орын – 5, грамота -1 ). Тиімділігі – 75 % 

Республикалық «Зерде» конкурсына қатысқан оқушы саны -1;

Облыстық ғылыми жобалар жарысы

Облыстық ғылыми жобалар сайысына 31 оқушы 29 жоба ұсынды ,  топтық – 2. Іріктеу кезенінен өтіп облыстық сайысқа кепілдеме алған ғылыми жоба саны – 19, оның ішінде 2 топтық,  оқушы саны – 21. Орын саны – 14; грамота -2  (I орын –  3 оқушы  II орын –  5 оқушы,  III орын –6 оқушы ) Тиімділігі: 66.7 %.  14 оқушы республикалық іріктеу кезеңіне қатысып, 7-уі - 60-тан жоғары ұпай жинады.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада   (9-11сыныптар)

Қатысқан оқушы саны –  24. Нәтиже: Орын саны – 13, Грамота-1: (1 орын -1  , 2 орын – 7,  3 орын – 5,  грамота – 1 . Тиімділігі – 50 %. Пәндер бойынша орын саны: химия – 2 , биология –2, математика -1, Қазақстан тарихы – 2 , құқық негіздері – 2; қазақ тілі мен әдебиеті – 2, өзін-өзі тану -1, АӘТД -1. Грамота саны: математика – 1.

Орын алмаған пәндер: география, орыс тілі мен әдебиеті, физика, информатика

Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы 

Республикалық «Зерде» конкурсына қатысқан оқушы саны -1 , Тлеулин Нуртас, 7а, биология

Нәтиже: 1орын – 1. Тиімділігі –100 %

Республикалық  ғылыми жобалар конкурсы (8-11сыныптар)

Қатысқан жоба және оқушы саны – 3/ 4

Алған орын саны –  2 , (1 орын- 2), грамота -2. Тиімділігі – 100%

Жанабек Аян , Кузтаева Айзере, 10 аб , химия, 1- орын

Думанбек Шынар, биология,  Қапсалям Нұрәділет, тарих – Грамота

Облыстық «Тіл дарыны» байқауы  (8-11 сыныптар)

Қатысқан оқушы саны –  4 :Балсеит Ельдана, 8- сын., Билялова Алика, 9-сын,  Жұматай Саяна, 9 (10) сын, Байсеитова Айжан 10(11) сын. Нәтиже: орын саны – 3+1 грамота   (2 орын -1;  3 орын –2, грамота – 2). Тиімділігі – 75 %

Онлайн конкурстар:

Жаратылыстану-математика бағытындығы пәндерден облыстық жасөспірімдер онлайн олимпиадасы (7-8 сыныптар)- 3 орын  ( 2- орын -1;  3-орын – 2)

«Золотое руно» халықаралық зияткерлік конкурсы   21  (1-орын –8 ; 2-орын-7; 3-орын – 6)

«Кенгуру –математика» халықаралық зияткерлік конкурсы – 10 ( 1-орын – 6;   3-орын -4)

Республикалық «Тарих-ата» олимпиадасы – 14 орын

Дарын РҒПО өткізген онлайн пәндер олимпиадасында -9 орын (химия, ағылшын тілі,география, информатика, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінен).

«Жас полиглот» онлайн олимпиадасы  3-орын (тарих)

 

 

Кусаинова С.З.- бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасары

 

 

 

Жаңартылған күні: 26.05.2020 15:59
Құрылған күні: 22.09.2021 15:09

Текст