Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Балауса" би тобы

«Балауса»  би үйірмесі

Би үйірмесінің мақсаттары:

 Ерте заманнан қалыптасып, халқымыздың аса бай мұрасымен бірдей дамыған би өнері туралы, қазақтың белгілі бишілері жайлы тиянақты түсінік беру.
Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін - өзі ұстай білуге тәрбиелеу.

Би үйірмесінің міндеттері:

  • Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.
  • Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.
  • Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.
  • Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.
  • Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.
  • Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқушылардың би әуендерін сезіну, түсіну қабілеттерін дамыту, есте сақтау ілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, эстетикалық талғамын арттыруға, патриоттық сезімге би өнері арқылы тәрбиелеу.
    Күтілетін нәтиже:

Би өнерімен айналысқан   балалардың денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу шығармашылық шеберліктердің негізін қалап, өзін - өзі жетілдіруге деген қызығушылығын арттырады.

Жаңартылған күні: 15.10.2020 14:34
Құрылған күні: 15.10.2020 14:34

Текст