Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы
Ақмола облысы білім басқармасына қарасты «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы.
Мектепте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" ашудың негізгі мақсаты:
1. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және мектеп қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы "Еgov.kz" мектеп қызметкерлерінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін арттыру және жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік қызметтерді мобильді азаматтар базасында тіркелу арқылы бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады.
4. Қызметкер өзінің жеке кабинетіне кіріп, тұрғын үй кезегін, әкімшілік айыппұлдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымды, зейнетақы аударымдарын және т. б. көре алады.
Сондай-ақ үйде интернетке қол жеткізе алмайтын жаңадан келген оқушылардың ата-аналары (көрсетілетін қызметті алушылар) мектептегі "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" белсенді пайдаланады.
"Электрондық үкімет" Еgov.kz порталы арқылы балаларды Абай атындағы №3 ДБАОММИ КММ қабылдау үшін өтініш береді. Өтінішке қажетті құжаттар қоса тіркеледі (ф-26 анықтама, Ф-63 анықтама, фото).
"Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" принтермен, сканермен жабдықталған, сондай-ақ электрондық үкімет "Еgov.kz" порталында тіркеудің қадамдық нұсқаулығы бар стенд бар.
Мектепте Egov.kz порталында анықтамаларды өз бетінше алу бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.