Есжанмен онлайн кездесу өтті. Мектеп оқушылары Саян Есжанға қызықты да мағыналы сұрақтар қойып, алдағы уақытта мектеппен тығыз байланыста болатындығын айта келе, ұсыныстарын айтты. Кездесуді ұйымдастырған тəрбиешілер А. А. Жахина, Г. С. Сембаева.
САЯН ЕСЖАННЫҢ өлеңдері республикалық мерзімді басылымдарда жарияланып, туындылары он шақты ұжымдық жыр жинақтарына енген. Алғашқы еңбек жолын Ақмола облыстық “Арқа ажары“ гаетінде тілші ретінде бастап, 2014 жылдан бері “QAZAQSTAN" Ұлттық Телеарнасының Таңғы ақпараттық бағдарламалар дирекциясында қызмет етті. Қазіргі таңда “Көкшетау-контент“ Ақпарат агентінің Бас редакторы.
2011 жылы –Павлодар қаласында өткен Республикалық жас қаламгерлер форумында Қ.Бекхожин атындағы сыйлықтың лауреаты;
2012 жылы VII Ұлттық Дельфи ойындарында “Поэзия“ аталымы бойынша бас жүлде, Халықаралық сайыста II орынды иегері;
2014 жылы “Шабыт“халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде “Жұлдыз“ журналының Ғ.Қайырбеков атындағы арнайы сыйлығына лайық деп танылды;
2015 жылы Алматы қаласында“Серпер“ жастар сыйлығының лауреаты ;
2019 жылы- Нұр- Сұлтан қаласында жастар жылына орай өткізілген республикалық ақындар мүшәйрасында Гран- При иегері;
2014 жылы- ҚР Мәдениет министрлігі “Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару“бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы “Хан тәңірі“ баспасынан “Іңкәр“ атты алғашқы жыр жинағының авторы;
2017 жылы- Жасыл экономиканы қолдау және “G-Global-ды дамыту“ коалициясының ұйымдастырған республикалық БАҚ өкілдері арасында өткен “Ең үздік телесюжет“ аталымында II орын иегері;
Ақмола облыстық “Нұр Отан“ филиалы, (2016ж.) Көкшетау қаласының әкімі,(2016ж) сондай-ақ Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың Алғыс хатымен марапатталды (2017ж).