26.11.2021
2021 жылдың 22 қарашасында 8-11 сынып оқушыларына арналған «Лингвистика» республикалық олимпиаданың қорытынды туры онлайн режимде өтті.
Олимпиаданың мақсаты: қолданбалы Лингвистика пәні бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау.
«Лингвистика» республикалық олимпиадаға біздің мектептен облыстық кезеңінің I орын жеңімпазы, 10 сынып оқушысы Балсеит Елдана қатысып ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.
Олимпиададағы жеңісіңізбен құттықтаймыз! Алға жылжып, жаңа тұғырларды бағындыруды тілейміз!