Сабақ-оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты. Сабақта оқу-тәрбие үдерісінің барлық компоненттері – мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері, тәсілдері, ұйымдастыру мен басқару қызметтері және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады.
Мектептің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары негізінде 23 желтоқсан күні педагог-зерттеуші санатындағы математика пәнінің мұғалімдері Куспекова К.М. және Шалабаева А.Б. физика, математика, информатика мұғалімдері арасында «Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өткізді. Семинар барысында тәжірибелі педагогтар әріптестерін сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері бойынша әдістемелік ұсыныстар берді.