«Кемеңгер» мұғалімдердің шығармашылық тобының жұмыс жоспары негізінде қаңтардың 27 күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Онгарбай Жұлдыз 10 «А»-сынып оқушыларымен «Көкшетау» поэмасындағы кейіпкерлер бейнесі» тақырыбында шебер-сынып өткізді.Сабақтың мақсаты: Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау, жекеленген нысандардың (деталь, портрет, монолог) кейіпкер образын ашудағы рөлін түсіндіру. Осы мақсатты орындауда Жұлдыз Онгарбайқызы оқытудың топтық, жұптық және жеке формаларын тиімді қолданды. Оқушылар «Көңілді карусель», «Кейіпкерлерді зерттеу», «Пирамидалық талқылау» «SWOT талдау» , «Попс формуласы» әдістері арқылы зерттеушілік жұмыстарын жүргізді. Оқушылар оқу әрекетіне белсенді қатысып, ұсынылған тапсырмаларды жоғары деңгейде орындады. Мұғалім «3Қ» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс жүргізді, формативті бағалады.