Оқушыларды ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту мұғалімнің маңызды міндеті болып саналады. Өйткені, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Оқушылар ғылыми сипаттама беруді үйренеді, ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп, танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады.
Ағымды жылдың 28 қаңтарында бейінді оқыту жөніндегі директордың орынбасары
Кусаинова С.З мектептің жас мамандарына «Пәндік олимпиадаларға дайындық және оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға баулу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинар барысында мектептік ғылыми қоғамы шеңберінде оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру жөнінде және пәндік олимпиадаларға дайындау барысындағы ұстанымдар бойынша бағыт-бағдар берілді.