Текст
28 ақпан күні «Жас мамандар мектебінің» жоспары негізінде мектептің педагог-психологі Какимжанова Дина Шоқановна жас педагогтар арасында «Педагогикалық жағдайлар» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында «Сабақта туындаған мәселелерді бірлесіп талқылау», «Сынып пен оқушының психологиялық -педагогикалық сипаттамаларын құрастырудың негіздері», «Сабақтағы қиын жағдай және одан шығу жолы» мәселелері қарастырылды.