Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«АБАЙ ӘЛЕМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ

01.03.2022

Кемеңгер Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында  ағымды жылдың 28 ақпан күні  желілік «Абай мектептері» және жалпы білім беретін мектептерінің 8-11-сынып оқушылары арасында республика көлемінде қашықтан II «Абай әлемі» атты шығармашылық байқау өтті. Байқау 2 бағыт бойынша өткізілді.
1-бағыт бойынша өткен «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты эссе байқауына Жылқыбай Айсара,10-сынып оқушысы және Сулейменова Гульшекер, 11-сынып оқушысы қатысты.
2-бағыт бойынша «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты ақындар мүшәйрасына Әбдрайым Әлайдар, 8-сынып оқушысы және Әміржан Нұрлы, 9-сынып оқушысы қатысты.
Байқаудың нәтижесінде Әбдрайым Әлайдар - II орын, Сулейменова Гульшекер- II орын, Әміржан Нұрлы – III орын иеленді және Жылқыбай Айсара- Алғыс Хатпен марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Просмотров: 773


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст