Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:
«Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» КММ (ары қарай Абай атындағы №3 ДБАОММИ). Заңды мекенжайы Көкшетау қаласы, Ж.Саин көшесі 20А.
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Абай атындағы №3 ДБАОММИ - 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2021 жылы жалпы саны – 147 қызмет көрсетті;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 108.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 39
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі - 2 рет.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау» қызметі - 4 рет көрсетілді.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау;
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектебіміздің ресми интернет ресурс сайтында http://osh3daryn.edu.kz/ қолжетімді.
«Мемлекеттік кызмет көрсету» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері туралы ақпараттар көрсетілген. Сондай-ақ, барлық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Және де өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары мектепімізде білім алушылар үшін жұмыс істейді.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).
Сонымен қатар, «Электронды мемлекеттік қызмет көрсету жүйесі - Egov» тақырыбында бейнесабақтар жүргізілді.
Сонымен қатар, 2019 жылдан бері мектеп-интернаттың 1 қабатының 105 кабинетінде «Egov» бұрышы ашылып, жұмыс жасауда.
3. Мектепте "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" ашудың негізгі мақсаты:
1. Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және мектеп қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы "Еgov.kz" мектеп қызметкерлерінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болған жағдайда ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу мүмкіндігін арттыру және жүзеге асыру.
3. Мемлекеттік қызметтерді мобильді азаматтар базасында тіркелу арқылы бір реттік SMS-пароль арқылы алуға болады.
4. Қызметкер өзінің жеке кабинетіне кіріп, тұрғын үй кезегін, әкімшілік айыппұлдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымды, зейнетақы аударымдарын және т. б. көре алады.
Сондай-ақ үйде интернетке қол жеткізе алмайтын жаңадан келген оқушылардың ата-аналары (көрсетілетін қызметті алушылар) мектептегі "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын" белсенді пайдаланады.
"Электрондық үкімет" Еgov.kz порталы арқылы балаларды Абай атындағы №3 ДБАОММИ КММ қабылдау үшін өтініш береді. Өтінішке қажетті құжаттар қоса тіркеледі (ф-26 анықтама, Ф-63 анықтама, фото).
"Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" принтермен, сканермен жабдықталған, сондай-ақ электрондық үкімет "Еgov.kz" порталында тіркеудің қадамдық нұсқаулығы бар стенд бар.
Мектепте Egov.kz порталында анықтамаларды өз бетінше алу бойынша қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралармен жұмыс жасалуда.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру
Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары әзірленуде.