«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ағымды жылдың
3 наурыз күні 8-11-сынып оқушылары арасында «Тіл дарыны» облыстық байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Үш тілді - қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды анықтап, қолдау көрсету, ынталандыру, тіл мәдениетін жетілдіру.
Байқауға мектепішілік байқауда 1-орынға ие болған Касенова Дария 8 «А»-сынып, Ким Камила 9 «Б»-сынып, Кажмуканова Фариза 10 «В»-сынып және Билялова Алика 11 «А»-сынып оқушылары қатысты.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша Ким Камила -І орын, Билялова Алика - І орын , ІІ орын – Касенова Дария- ІІ орын, Кажмуканова Фариза - ІІ орын иегерлері атанды. Оқушыларды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ахат А.Д., Даулеткалиева Т.Б., Муратов М.Б., орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ташмаганбетова Л,Н., Жетписбаева К.Б., ағылшын тілі пәні мұғалімдері Оспанова Ш.С., Кожахметова Р.З., Сабиева Н.Ж. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!