Текст
Ағымды жылдың 3 наурыз күні Петропавл қаласындағы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университеті базасында «Мектептегі тарих пәні: тың тұжырымдама, ашық сана, замануи көзқарас» тақырыбында тарих пәні мұғалімдерінің Республикалық съезі өтті. Осы съезге әріптесіміз, тарих пәні мұғалімі ӘДЕЙ ЖАЙНАГҮЛ қатысты.
Жайнагүл Әдейқызы «педагог-зерттеуші» біліктілік санатындағы тәжірибелі ұстаз. Соңғы 5 жылда 28 оқушысы республикалық, облыстық пәндер олимпиадасы мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары атанды.