Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу орнына қабылдау ережелері

25.03.2019

 

         Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған  мектеп-интернаты 2019-2020 оқу жылына конкурстық негізде 7- сыныптарға оқушыларды қабылдайды.

 

 

             Конкурстық іріктеуге құжаттарды қабылдау 24 сәуір және 10 мамыр аралығында жүргізіледі.  Қабылдау комиссиясы мектептің ғимаратында 1-қабат, 110 кабинетте 08.30-18.00  аралығында жұмыс жасайды.   

  • Ауданның және ауылдың балалары үшін интернат жағдайы қарастырылған.

Конкурстық іріктеу –17 мамыр күні, сағат 09.00 басталады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылуларыңыз қажет:

  1. Талапкердің ата-анасының/заңды өкілінің өтініші;
  2. 5-сынып және 6-сынып, 1, 2, 3 тоқсан табельдерінің көшірмесі;
  3. үміткердің туу туралы куәлігі/паспортының немесе жеке куәлігінің (бар болған жағдайда) ЖСН көрсетілген (қосымша) көшірмесі;
  4. оқудағы жетістіктерін растайтын тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен бекітілген талапкердің сертификат, дипломдарының көшірмелері;
  5. үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.

 

Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған өтініш конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдамауға негіз болып табылады.

 

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау

  1. Мамандандырылған білім беру ұйымына оқуға қабылдау конкурсқа қатысу нәтижелері бойынша жинаған ұпай сандары негізінде жүзеге асырылады.

 Балдар тең түскен жағдайда:

1) ауылдық жерден келген балалар;

2) арнайы білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар;

3) жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, облыстық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары басым құқыққа ие.

2. Конкурстық іріктеуден кейін 10 күн ішінде негізгі және резервтік тізімдер құрылып, қабылдау комиссиясының хаттамасымен рәсімделеді.

3. Мамандандырылған білім ұйымына қабылдау туралы шешім педагогикалық кеңес хаттамасымен және білім беру ұйымы директорының бұйрығымен рәсімделеді.

4. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер көрсетілген сыныпта бос ваканттық орындар туындаған жағдайда нәтижелері бойынша шақыртылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 868


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст