Текст
Көктемгі каникул кезінде «Оқушылардың оқу іс-әрекетінің нәтижесін бағалау» тақырыбында «Жалын»шығармашылық тобының жетекшісі Кожахметова Р.З. мен тәлімгер-педагог Онгарбай Ж. мектептің жас педагогтерімен семинар-практикум өткізді. Семинар барысында жас мамандар әр түрлі мазмұндағы шығармаларды бағалау нормалары мен критерийлері туралы, бақылау жұмыстарын жүргізудің, бағалаудың және талдаудың мазмұны мен әдістемесі бойынша,оқушыларға өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау әдістерін үйрету жөнінде білімдерін кеңейтті.