Kөктемгі каникул уақытында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А. Д. Ахат пен тарих пәнінің мұғалімі Ж. Әдей "Шебер мұғалім – сапалы сабақ" тақырыбында шебер-сынып өткізді. Оқу-әдістемелік семинардың мақсаты:1.Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілетті дамыту; 2.Ұстаздық қызметте қажетті дағдылар негізін тану; 3.Ұстаздық шеберлік компоненттерімен бөлісу болды. Мақсатқа жету үшін мұғалімдер 4 топқа бөлініп, «Мюнстерберг» әдісі, «Қарым-қатынас және визуализация» анимациялық фильммен жұмыс, «Суреттерді реттеу» және «Ақынның oйы » әдicтері арқылы педагогтардың кәсіби шеберлігі - білім сапасының негізі екендігін дәлелдеді. Шебер-сыныпты өткізген педагогтар оқытуда қолданатын инновациялық технологияларды тиімді қолдану жолдарымен бөлісті.