Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Pisa тапсырмалары және шешу жолдары" семинар-практикум

31.03.2022

Каникул уақытында пән мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету тұрғысынан мектепшілік "PISA зерттеулері аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту" және "Pisa тапсырмалары және шешу жолдары" тақырыптарында  семинар-практикумдар ұйымдастырылды. 
29-наурыз химия пәнінің мұғалімі Сағатай Айдана Асқарқызы "Химия сабағында оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту бойынша тапсырмалар" атты семинар сабақ барысында химия пәні бойынша PIZA тапсырмаларының ерекшеліктеріне тоқталып, деңгейлік тапсырмаларды шешу жолдарын талдады. Физика пәнінен  Аманболдин Байжан Жанболатович "Физика сабағындағы оқушылардың функционалды сауаттылғын дамыту бойынша тапсырмалар" атты семинар праутикум өткізді. Семинар барысында  физика пәнінен Pisa тапсырмаларының ерекшіліктеріне тоқталып және олардың өмірмен байланысын атап өтті.  Сонымен қоса пәнаралық байланыстар және олардың кәсіптік байланысы көрсетілді. География пәнінің мұғалімі Қали Жазира Сәбитбекқызы "География сабақтарында PISA форматындағы тапсырмалар" атты семинар сабағында география сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, тапсырманың  орындау ретін және әртүрлі өмірлік жағдайларда шешім қабылдай алу қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар тізбегімен таныстырды.

Просмотров: 746


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст