Текст
2022 жылдың 29-наурыз күні кезекті №4 педагогикалық кеңес өтті. Кеңесте жоспар бойынша күн тәртібі қаралып, директордың оқу ісінің орынбасары Ш.С.Оспанова ІІІ оқу тоқсанының білім сапасының сыныптар мен пәндер бойынша мониторингін ұсынды. Оқу тоқсаның қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен пәндердің оқытылуына тоқталып, пән мұғалімдеріне сөз берді. Сонымен қатар PISA-2022 халқаралық зерттеу емтиханына дайындық жұмыстары, білім сынамаларының мониторингісін талқылап, дайындық жұмыстарын қарқынды жалғастыру қажеттілігін атап өтті. Директордың тәрбие ісінің орынбасары М.Н.Кайржанова мектептегі өмір қауіпсіздігі бойынша сөз сөйлеп, білім беру мекемелерінің қауіпсіздігі, оқушылардың өмірі мен денсаулығы басты назарда екендігін айтып өтті.