Текст
Көкшетау қаласының орталық алаңында ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына 27 жыл толуына орай өткен мерекелік шарада Ақмола облысының əкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев мектебіміздің оқушыларын жасұландықтар қатарына қабылдады. Қабылданған оқушылар- Ким Камила, Амантай Жақсылық, Башарова Дариға, Дулатова Алуа, Сайлауова Сабина, Кайдаров Диас, Давлет Айзада республикалық, облыстық байқаулар мен конкурстардың жеңімпаздары.