Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2022 жылғы 5 тамыз күнгі №350 бұйрығы негізінде Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасы санатындағы 7-СЫНЫПҚА 7 оқушы қабылдайтыны жөнінде хабарлайды!
Өтініштерді қабылдау: 2022 жылдың 15-23 тамыз аралығында өтеді.
Қабылдау емтиханы: 24.08.2022ж. күні ( офлайн) түрінде өтеді.
Тіркелу үшін Instagram профилінде орналасқан сілтеме бойынша өтіңіз.
Онлайн тіркеуге қажетті құжаттар:
1) Баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен өтініш (pdf, jpg)
2) ЖСН бар туу туралы куәліктің көшірмесі (pdf, jpg)
3) Баланың электрондық мекенжайын көрсете отырып, оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтама (pdf, jpg)
4) 3х4 фото 2 дана (pdf, jpg)
5) Халықтың осал топтарына жататынын растайтын құжаттар (pdf, jpg).
7-сыныпқа арналған тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
Математика және логика – 55 сұрақ
Оқу сауаттылығы – 10 сұрақ
Қазақстан тарихы – 10 сұрақ
Байланыс телефондары:
8-(7162) 77-10-79
8-747-649-07-63
8-775-79-55-108