Текст
31 қазан-2 қараша аралығында Семей қаласында желілік Абай мектептері арасында "Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысы" республикалық шешендік өнер байқауы өткізілді. Байқауға 11 өңірден 20 оқушы қатысты.
Мектеп оқушылары сөз тартыстан жүлделі орындармен оралды:
🥉ІІІ орын Сашкақызы Камила, 9-сынып оқушысы,пән мұғалімі М.Б.Муратов.
🥉ІІІ орын Башарова Дариға, 10-сынып оқушысы, пән мұғалімі Т.Б. Даулеткалиева.
Желілік Абай мектептері арасындағы кезекті тәжірибе алмасуға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Д. Ахат, Т.Б. Даулеткалиева қатысты.
Оқушылардың жетекшісі Т.Б. Даулеткалиева Алғыс хатпен марапатталды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!👏👏👏