Ақмола облысы білім басқармасының
«Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп - интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекеме
тәрбиеші бос лауазымына ашық конкурс жариялайды.
Жатақхананың, интернаттық ұйымдардың тәрбиешісі
Лауазымдық міндеттері:
жатақханада тәрбие және мәдени-бұқаралық жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді;
- тәрбие жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін жетілдіреді;
- білім алушылардың спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық тәрбиесін жүзеге асырады;
-баланың құқықтарын іске асыруға ықпал етеді, тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды;
- жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
-ата-аналармен немесе қамқоршылармен байланыс орнатады;
-білім алушылармен жеке жұмыс жүргізеді;
-білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
-еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
-жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білім (арнайы орта, кәсіптік орта) жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
- және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл;
- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық жалақы еңбек сінірген жылдарына байланысты 150 000 теңгеден