Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2024-2025 оқу жылына Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын)дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-не оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
7 – сыныпқа құжаттарды онлайн - тіркеу https://qabyldau.daryn.kz/kzсайтында 2024 жылғы 1 ақпан мен 15 сәуір аралығында жүргізеді.
Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:
1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш ;
2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4. баланың сандық фотосуреті;
5. халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 3 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)