Текст
2024 жылдың 15 ақпанында Көкшетау қаласының тарихы музейі қызметкерлері қаламыздың Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8 сынып оқушылары назарына «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты жылжымалы көрме ұсынып, «Көкшетаудың көше атаулары» атты дәріс оқыды. Оқушылар туған қаламыздың өткені мен бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы мағлұмат алып, әр кезеңде қаламыздың көше атаулары қалай өзгеріп отырғаны туралы фотопрезентациямен танысты. Іс-шара соңында балаларға викториналық сұрақтар қойылды.
@muz.kokshe