18 сәуір күні Қарағанды қ. Абай атындағы мектеп-гиназиясында “Ұлттық Абай мектебінің моделі” тақырыбында TALIM SPEAKERS өтті. TALIM SPEAKERS жобасы – мектептер арасында тәжірибе алмасудың жаңаша форматы. Оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында ұрпақ тәрбиесі үшін атқарылып жүрген және тәжірибеден өткен игі істерді көрсету, өзге мектептермен тәжірибе алмасу.
Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға арнайы шақырылған мамандар, облыстық білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдері және байқауға қатысушылардың жетекшілері қатысты.
Ақмола облысы білім басқармасының “Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты” КММ директоры Анаргул Назымбековна Курмашева “Абай тағылымы” жобасы шеңберінде оқу-тәрбие үрдісін дамытуға ықпал ету” тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.
@aqmoedu
@aqmola_daryny
@rspc_daryn
@oqu_agartu_ministrligi