Пән: қазақ әдебиеті
|
Сынып: 9 |
Сабақ:№20 |
Кабинет:№215 |
Мұғалім: Маханбетова Б.Д. |
Сабақтың тақырыбы |
Әйтеке би, Қазыбек би | |||
Сабақтың мақсаттары |
Сөздік қорын кеңейту, коммуникативтік біліктіліктерін дамыту, эстетикалық талғамға үйрету, көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік беру. Оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға бағыттау. Есте сақтау дағдыларын қалыптастыру. | |||
Нәтиже |
Тақырыпты жан-жақты түсініп талдайды, қолдана біледі, шешендік сөздерді образға еніп оқиды, сахналық диалог дайындайды, ойын жинақтайды. | |||
Сілтеме |
Қазақ әдебиеті 9 С.Ч.Тұрсынғалиева, Г.Р.Бәкенова «Арман-ПВ» 2013жыл Хрестоматия 9 | |||
Әдіс-тәсілдер |
Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу; сахналау, ойтолғау, синквейн Оқуды және оқыту үшін бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек», қол шапалақтау АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау | |||
Модуль |
«Сын тұрғысынан ойлау» модулін пайдалану мақсатында түсінік қалыптастыра отырып, дағдыларын қалыптастыру | |||
Сабақтың формасы |
Сыныптағы сабақ | |||
Ресурстар |
Интербелсенді тақта, дидактикалық таратпа материалдар, стикер қағаздар т.б. | |||
Сабақ уақыты |
40 минут | |||
Сабақ жоспары |
1.Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату, топқа бөлу, көшбасшы 2.Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша 3.Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» 4.Үйге тапсырма | |||
Үйге тапсырма |
Ойтолғау «Би-шешендер мұрасы - теңдесі жоқ қазына» |
Блум жүйесі
Кезең |
Мақсат |
Нәтиже |
Білу |
«Сағынам билерімді» С.Торайғыров Видеокөрсетілім «»Қазыбек би -350» |
Оқушы мәнерлеп оқуға дағдыланады. Қазыбек бидің мерейлі тойы, халыққа еткен еңбегі, бидің құрметіне ұйымдастырылған автокеруеннің мақсатын түсініп, жаңа сабаққа қадам жасайды. |
Түсіну |
Кітаппен жұмыс.Тақырыпты меңгеру мақсатындағы сұрақтар І топ Ас беріліп жатқан кездегі 7жасар Қазыбектің шешімі? ІІ топ Қазыбек би қай мемлекеттер арасында мәмлегер болды? Әйтеке биді кім деп танимыз? ІІІ топ Әйтеке бидің білімі? 21 жасында кім болды? |
Билер туралы деректермен танысады. |
Қолдану |
Сахналау. Ітоп «Қазыбек бидің Төле биді жоқтауы» ІІ топ «Қазыбектің қоңтайшыны сөзден жеңуі» ІІІ топ «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды» Әйтеке би |
Үш бидің шешендігін, халықаралық деңгейдегі мәмілегер екендігін таниды. Сахна өнерін меңгереді.
|
Талдау |
Шешендік сөздерді түріне қарай талдау; шешендік толғау, шешендік арнау, шешендік дау 1.«Қазыбек бидің Төле биді жоқтауы» 2.«Қазыбектің қоңтайшыны сөзден жеңуі» 3. Әйтеке би «Ашу бар жерде ақыл тұрмайды» |
1.Шешендік арнау, қазіргіше әлеуметтік-тұрмыстық шешендіктің аза сөзі екендігін таниды. 2.Шешендік дау әрі сөзге тоқтауекендігін ұғады. 3.Шешендік толғау екендігін біледі. |
Жинақтау |
«Бес жолды өлең» |
Шығармашылығын көрсетеді. |
Бағалау |
Көшбасшылардың бағалауы «Екі жұлдыз, бір тілек» |
Сыныптастарының еңбегіне баға беруге, сабақтан алған әсерлерін жазуға дағдыланады. |