Текст
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Щучинск қ.) 2018 жылдың 29-31 қаңтар күндері 1-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалары конкурсының республикалық кезеңі өтті. Конкурсқа біздің мектептен 2 оқушы қатысты. Жас дарындарымыз информатика, физика, бойынша 2 жоба ұсынды. Конкурс қорытындысы бойынша. ІI орынды «Информатика» секциясында 6 «Б» сынып оқушысы Кокушев Науан иеленді ( жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Ажкен А.Б.) және ІІІ орынға «Физика» секциясында 6 «А» сынып оқушысы Даулбаев Асанали ие болды.