Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адами қарым-қатынастар әлемі

17.02.2018

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мерзiм _________    Сабақтың №  21

Тақырып: Адами қарым-қатынастар әлемі  

Құндылық: Жан тыныштығы

Қасиеттер: дұрыс ырғақты демалу, салмақтылық, ашуды, сараңдық, жалқаулықты,  басқара білу, өзін-өзі алдамау, шыдамдылық.

Cынып  5      Оқушылар саны ________

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың айнала қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасау  туралы түсініктерін кеңейте отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

1. Білімділік: Оқушыларға ізгі қарым-қатынастың

маңызын аша отырып кішіпейілділік қасиеті туралы түсінік беру;

2.Дамытушылық: Оқушыларды айнала қоршаған ортамен

ізгі қарым-қатынас жасауға үйрете отырып, ізеттілік  қасиетіне баулу;

3. Тәрбиелік: Оқушыларды үйлесімді өмір сүруге, әдептілікке тәрбие

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер интерактивті тақта,

үнтаспа, бейнематериалдар, қағаз,түсті қарындаштар

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi

2. Үй тапсырмасын тексеру.      86-б. эссе жазу

3. Дәйек сөз.   Дана сөздер  

«Кішіпейілділік –кісінің көркі»     

Халық нақылы Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

4. Әңгiмелесейік Әдібай Табылдин «Салем»

Әңгіменің мазмұның талдау

- Әкесінің баласына ескерту жасауының себебі неде?

- Сәлемдесу кезінде адамның бойында қандай қасиеттер көрініс береді?

-«Сәлем - сөздің анасы» дегенді қалай түсінесіңдер? Өзің адамдармен қалай сәлемдесіп жүрсің?

5. Бейнематериалдар көру: «Сәлемдесу – салт» - бейнематериал

6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-тапсырма   А.П. Чеховтың інісіне жазған хатынан

«Тәрбиелену үшін, өзім жүрген ортаның деңгейінде болу үшін, күндіз-түні бірдей еңбектену, өмір бойы оқу, жаттығу, қажырлы-қайратты болуым қажет.

Тәрбиелі адамдар адамның жеке басын құрмет тұтады, сондықтан әрқашан кешірімді, биязы, кішіпейіл келеді. Олар ақкөңіл, өтірік айтудан оттан бетер қорқады. Тіпті түкке тұрмайтын нәрселерге байланысты өтірік айту дегенді білмейді. Олар босқа көп сөзге салынбайды, үйінде қандай болса, көшеде де сондай көрінеді».

 Мәтінді   оқыңдар.

«Әдепті адам қандай болуы тиіс?» тақырыбында жеке   ережелер құрастырындар

2 –тапсырма

Суреттерге қарап бірінің мазмұнын сипаттап жазу, 74-75 бб.

8.Қорытындылау Кішіпейілділік – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі. Бұл өзін-өзі мақтаудан аулақ ұстайтын, сыйластық шегінен шықпайтын, жасаған жақсылығын жария етпейтін адам. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне, құрметіне ие болады. Қарым-қатынас жасау барысында ойың, ниетің, іс-әрекетің, мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын

8. Үй тапсырмасы     91-б., ереже құрастыру

9. Топпен ән айту  Жүректен жүрекке Өлеңін жазған С.Молдасанұлы, Әнін жазған Ф.Жолдасова  «Бала тілегі»

Просмотров: 1935

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст