Ахат А.Д. - ІІ деңгейдегі жоғары санатты,
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Қазіргі заманғы қоғам дамуының әрекеті, әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми- практикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, қазақ тілін дамытуда өзіндік үлес қосу, білім беру ісінде әлеуметтік кеңістікке шығу-алдағы тұрған келелі міндеттер. Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа форматты мұғалім өз білімін қолданумен қатар, оқу (оқушының өздігімен үйренуі) және бағалау арқылы оқушының «не білетіндігін», яғни оқу нәтижелерін анықтауы қажет. Бұрынғы «біліктілік» термині енді «құзырлылық» ұғымымен алмастырылды. Демек, оқушы өздігімен оқып-үйреніп, өмірде өз білімін пайдалана алатын, жолында кездескен қандай да болмасын мәселені шешуге құзырлы болуы керек.
Жаңа формалық оқытудағы сындарлы тәсіл,яғни, оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік беру бағытында сабақ ұйымдастыру, бағдар беру үшін мұғалім сабақ үдерісіндегі кері байланыс ықпалының қыр-сырын зерделемей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды, сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне лайық жаңа формациядағы мұғалімдерді талап етеді. Ең бастысы мұғалім педагогикалық қызметті жан-жақты зерттеп, меңгеруге ынталы, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек. Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты-сабақ үдерісінде кері байланыс жасау арқылы әрбір баланың жан-жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, оқушы бойында креативтілікті дамыту, әр оқушының жеке білімділік траекториясын анықтап, міндеттерін шешуге мүмкіндік беру. Сабақ үдерісіндегі кері байланыс- бұл оқу процесі және оқушылардың өзара белсенділік әрекеттері туралы ақпарат алу. Алынған мәлімет оқу процесін диагностикалауға, нәтижені талдауға, жаңаша ұйымдастыруға, бағыт-бағдар беруге көмектеседі.
(Кері байланыс айналымы: кесте)
Кері байланыс дегеніміз – өз іс-әрекеті жөнінде ойлау және мектепте оқушымен, әріптесімен, ата аналарымен іс-әрекеті туралы өзара пікір алмасу
Кері байланысты мұғалім – оқуды оқыту жағдайына қарай түрі мен мазмұнын, әдісі мен тәсілін бейімдейді, тиімді оқытады.
Кері байланыссыз мұғалім – үйреншікті оқыту стильін өзгертпейді, оқытуда бір ғана әдіспен оқыту түрін пайдаланады.
Кері байланысты қолданатын мұғалім оқушының бейтарап тыңдаушы рөлінде болмауына бағытталған оқыту әдістері мен стратегияларын қолданатындығын кестеден байқауға болады. Демек, мұғалім оқушының оқу үдерісінде өздігінен жаңа білім алатын, таныс емес материалмен жұмыс істейтін, одан қажетті ақпаратты шығара білетін белсенді қатысушы әрі бүгінгі күні тіпті де болжауға мүмкін емес проблемалардың шешімдерін табуға жетелейтін дағдылар мен құзыреттіліктерді ( терең және жүйелі ойлану, өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру, жауапкершілік сезіну, басқалармен тиімді қарым-қатынас құру...) үйренуге жағдай жасайды.
Зерттеу деректеріне сүйенетін болсақ, Джон Хеттидің «Көзге көрінетін оқу» 15 жылдық зерттеу нәтижесі, ол мектеп жасындағы оқушылардың оқу үлгеріміне әсер ету деген тақырыптағы 800-ден астам метаанализді (500-ден астам жұмыстардың) қорыту нәтижесінде кері байланыстың әсер ету мөлшері – 0.73 –ті құрайтындығын анықтаған.(Оны берілген кестеден байқауға болады.) Олай болса, мұғалім сабақ үдерісінде жас өркеннің өздігінен оқу, тұлға әлеуетін дамыту, ой еркіндігі, шығармашылығын арттыру мақсатында кері байланыс арқылы оқу үрдісінің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын болу керек.
Сабақтағы кері байланыстың 3 түрі бар.
Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтау |
Сабақтағы іс-әрекетке кері байланыс |
Оқу материалы мазмұнының кері байланыс рефлексиясы |
Суреттер, Түрлі-түсті кеспелер (карточка), Бет әлпетті бейнелейтін смайликтер, «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы», «Бір сөзбен» әдісі...т.с. Мысалы: «Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген сөздердің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын 3 сөзді таңдап алады. (Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық,Қанағаттану, Шабыт,Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік Рахаттану.) |
«Табыс сатысы» 1-мен ...білемін, 2- мен ... түсінемін, 3-мен...жасай аламын «Таңдау»( сабаққа қатысу деңгейі мен ынтасын білдіретін сөйлемнің тұсына + қояды) 1.Мен сабақты қызықты болды деп ойлаймын. 2.Мен сабақты қызықсыз болды деп ойлаймын. 3.Көп нәрсені үйрендім. 4.Үйренгенім аз болды. 5.Басқаларды мұқият тыңдадым. 6.Мен пікірталасқа жиі қатыстым. |
«Синквейн» әдісі «Аяқталмаған сөйлемдер» ( Мен енді ......... білемін. .......менің қолымнан келді....) «Плюс. Минус. Қызықты» (Плюс-оң әсер еткен факторлар. Минус- қолымнан келмей жатыр, түсініксіз болып тұр деген ойларын жазу. Қызықты- не қызықты болды немесе не жайында көп білгісі келетіндігі туралы жазу |
3) Оқу материалының мазмұнының кері байланысы рефлексиясы Бұрын мен білмеуші едім,.. Енді мен білемін
деген сияқты ой - пікірлеріңді білдіру. Синквейн әдісі, оқушының оқып отырған тақырыпқа қатысты іс - әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Мысалы :«Аяқталмаған сөйлемдер»
Бүгін мен...................... білдім ................. қызықты болды.
.......................... қиын болды.
.................тапсырман мен орындадым.
..................... түсіндім.
Мен енді....................... білемін.
Мен...............................сезіндім.
Мен..................................... білім алдым.
Мен......................................... үйрендім.
............................. менің қолымнан келді.
Мен...................................... жасай алдым.
Мен.................................... жасап көруге талпынамын.
.................. мені таң қалдырды.
Сабақ менің өміріме..... берді.
Менің............. жасағым келді.
3.Топ мүшелері тапсырма орындау барысында қандай деңгейдегі коммуникативтік қиындықтарды сезінді?
-ақпараттың аздығы, жетіспеушілігі;
-коммуникативтік құралдың тапшылығы (сөз байлығының төмен болуы, ойды дұрыс жеткізе алмау) тілдік, сөйлесу қарым-қатынасындағы қиыншылық
4. Жұмыс барысында қарым - қатынас жасаудың қай стилі басым болды?
-бір адамға бағытталған стиль;
-тапсырманы орындауға бағытталған стиль
5. Тапсырма орындау барысында топта ауызбіршілік сақталды ма?
-топта ауызбіршілік пен серіктестік қарым–қатынас cақталды;
-топтағы бірлік, ауызбіршіліктің бұзылғаны байқалды.
6.Топтағы сол жағдайдың болуына кім немесе не әсер етті?
-топтағы бір адамның өзін көшбасшылыққа итермелеуі;
-топ мүшелерінің көбісінің ортақ қарым – қатынас орнатқысы келмеуі, немқұрайлылығы;
-бірігіп істеуге берілген тапсырманы түсінбеу;
-берілген тапсырманың қызықсыз, қиын болуы
Демек, кері байланыс-нәтижеге жетудің басты стратегиялық бағыты келесі міндеттерді айқындайды:
- Жеке тұлға ретінде оқушылар туралы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуы.
- Сабақтың жекелеген кезеңдерін жоспарлау және кері байланыс әдістерін білу.
- Оқу үдерісіне оқушының өзін де қатыстырып, өзінің оқуы үшін жауапкершілігін сезіндіру.
- Оқушының тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету.
- Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру
Қорыта келе, жеке тұлғаның қабілеттілігін арттырып, негізгі құзіреттілігін қалыптастыру үшін сабақ үдерісіндегі кері байланыс-нәтижеге жетудің басты стратегиялық бағыты.
Қолданылған әдебиеттер:
1.Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы -2013.
2.Жаңа технология негізінде оқытудың тиімді жолдары. Қазақ тілі мен әдебиеті. 3/2014.
3. «Көзге көрінетін оқыту» Джон Хэтти .2- қосымша.