Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабаққа жаңа талап-білім мазмұнын жаңартудың стратегиялық бағыты

11.02.2018

Сабаққа жаңа талап-білім мазмұнын жаңартудың стратегиялық бағыты

Ахат А.Д. - ІІ деңгейдегі жоғары санатты,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

  Бүгінгі күні жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-практикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Қазіргі таңда мектептің жаңа формалық оқытудағы сындарлы тәсіл, яғни, оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік беру   бағытында сабақ ұйымдастыру, бағдар беру үшін өзінің кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін білім беру қызметкері  сабаққа қойылатын талаптың қыр-сырын түгел зерделемей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды, сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне лайық жаңа формациядағы мұғалімдерді талап етеді. Ең бастысы мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметті жан-жақты зерттеп, меңгеруге ынталы, оқу-тәрбие процесінің инновациялық әдістерін жетік меңгерген, кәсіби шеберлігі арқасында педагогикалық үрдістің

нәтижесін жақсартуға ұмтылатын болу керек. Өйткені мектептер үшін де, мұғалімдер үшін де ең маңызды мәселе – оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне назар аудару болып табылады, ал  ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында» -деген Н.Назарбаев пікіріне сүйенсек, білім мазмұнын жаңартудың стратегиялық бағыты – сабаққа қойылатын жаңа талапты анықтап, түрлі стратегияларды орынды қолдану анағұрлым тиімді болмақ.

Ендеше, жеке тұлғаға бағдарланған сабақтар жүйесінің мақсаты-  өзінің және қоғамның мүддесіне өзін-өзі белсенді етуге дайын,  өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім,   құзіретті , шығармашыл және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады. 

Осыған байланысты білім берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты -  сабақ үрдісінде әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп, жан- жақты жетілуіне бағыт-бағдар беру, оқушы бойында креативтілікті дамыту,  әр оқушының жеке білімділік траекториясын анықтап, міндеттерін шешуге мүмкіндік беру. 

Демек, сабаққа жаңа талап қою қажеттілігінің мазмұны заман талабына сай күрделене түседі. Осы тұрғыда келесіміндеттер айқындалады:

-        Жеке тұлға ретінде оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің болуы.

-        Сабақты , сондай-ақ оның жекелеген кезеңдерін жоспарлау және әдіс-тәсілдерді, оқушыны бағалау әдістерін білу.

-        Оқу үдерісіне оқушының өзін де қатыстырып, өзінің оқуы үшін жауапкершілігін сезіндіру.

-        Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын қамтамасыз ету.

-        Оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру.

   Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік,адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі

  Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушы жаңа ұғымдарды, түсініктердің өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады.

   Мақсатқа жету оқушылардың өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім-бағыт беруші,  танымдық іс-әрекеттерді әр балаға лайықтап ұйымдастырушы, баланың қабілет көзін ашушы тұлға.  Сабақтың қай құрылымында болмасын жаңа стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есімізден шығармауымыз керек әрі мұғалім өз жұмысынан сабақ алу үшін өз тәжірибесі туралы рефлексия жасауға, яғни, ой толғауға міндетті.

   Қорыта келе, жеке тұлғаның қабілеттілігін арттырып, негізгі құзіреттілігін қалыптастыру үшін  білім беру мазмұнын жаңартудың стратегиялық бағыты – сабаққа жаңа талап қою.

  2013-2015 жылдары біздің мектебіміз де білім беру мазмұнын жаңарту мақсатында Ш.Уәлиханов атындағы университетімен тәжірибелік алаңы жұмыс істеді.

 Мектеп қасында экспериментатор-мұғалімдер жасақталып, тәжірибелік алаңы негізінде авторлық бағдарлама, әдістемелік нұсқаулар әзірледі. Университетпен тығыз байланыс орнатып, тәжірибе алмастырылды. Алаң жұмысының нәтижесінде жаратылыстану- математика бағыты бойынша химия, биология, математика пәндерінің білім сапасы 5-10 % , білім алуға деген оқушы қызығушылығы 10-15% артатыны дәлелденді. Тәжірибелік алаң жұмысына мектебіміздің химия пәнінің екінші деңгейлі мұғалімі Искакова Д.М мен биология пәнінің екінші деңгейлі мұғалімі Жұматай Ж.Б ерекше атсалысқанын атап өтуге болады.  Алаң жұмысы 2015 жылы университет отырысымен қортындыланады.

 

Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімдерінің 50%  ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші, екінші және үшінші деңгейінен өтіп, білім мазмұнын жаңарту мақсатында мектепішілік желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде Lesson study жұмысын жүйелі жүргізуде. Қаламыздағы   №6 мектепте өткен білім мазмұнын жаңарту стратегиялық бағыты тақырыбындағы семинарға қазақ тілі пәнінің үшінші деңгейлі мұғалімі Даулетқалиева Т.Б қатысты. Мектебіміз қала көлемінде №6 ОМ ұжымымен қоғамдастықта жұмыс істейді.

Сондай-ақ,  мұғалімдердің желілік кәсіби қауымдастығы жұмысына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің екінші (негізгі) деңгей мұғалімдері Ахат А.Д  «Оқыту қадамдарын жетілдіру- білім мазмұнын жаңартудың қажетті шарты» облыстық семинар-практикумына модератор болып қатысып, сертификат иеленді.

     Қорыта айтқанда,  оқу-тәрбие үдерісінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыру үшін мектеп мұғалімдері сабаққа жаңа талап қойып, баланың жан-жақты дамуына атсалысуы қажет.

Просмотров: 699


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст