Текст
17.01.18ж мектеп директоры Калымова А.К. басшылығымен, директор жанындағы отырыста Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басым бағыттар туралы баяндап берді. Талқылауға қатысқан ұстаздар қауымы бірауыздан Елбасының сындарлы саясатын қолдап, алған әсерлері мен ойларын ортаға салды.