Текст
2017 жылдың 14 желтоқсан күні "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында, Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі қатарына салтанатты қабылдау өтті. Ұйым қатарына оқуда озат, өнерлі де талантты, белсенді оқушылар қабылданды. Салтанатты іс-шараға мектеп түлектері, желтоқсан оқиғасының куәгерлері - Ерденов Т.Ғ, Есілбаев Е.Қ. қатысты. «Жас Ұлан» қатарына қабылданған оқушылардың мойындарына галстук тағу құрметі қонақтарға және оқу ісінің орынбасары Искакова Д.М. берілді. Жасұландықтар салтанатты түрде ант берді және «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын орындады.