2017 жылдың 22-24 қараша аралығында «Балаға мейірімді Қазақстан!» халықаралық конференция шеңберінде «Сенім 111» тақырыбында бүкілқазақстандық сабақтар ұйымдастырылып өткізілді. 23 қараша күні мектеп оқушылары «Сенім111» Ұлттық сенім телефонының жұмысымен таныстырылды. Шұғыл консультативтік, психологиялық, заң көмегін көрсететін сенім телефонына балалар мен жасөспірімдер арасында сенімділік деңгейін жоғарылатуға бағытталған «Сенім 111» бойынша 5-7 сынып оқушыларына тәрбие ісінің орынбасары М.Н. Кайржанова презентация арқылы ақпарат ұсынды. Мектеп психологы З.А. Балғабекова Ұлттық сенім телефонының «Сенім111» тақырыбына арналған психологиялық тренигтер өткізді. Сынып жетекшілер Сенім телефоны арқылы балалар өз құқықтарын қорғауға мүмкіншіліктері бар екені туралы сынып сағаттар өткізді.