2017 жылдың 8-9 қараша күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы қаласы, «Алатау» шипажайы базасында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурсын өткізді. Конкурстың негізгі мақсаты дарынды балаларға білім берудің жаңа педагогикалық мазмұнын, технологияларын және жаңаша ұйымдастыру түрлерін әзірлеу жұмысына мұғалімдерді тарту, шығармашыл зерттеуші-педагогтерді анықтау және қолдау, педагогикалық идеялармен, жобалармен, шығармашылық нәтижелерімен алмасу, ең үздік педагогикалық тәжірибені тарату. Осы конкурсқа «Үздік авторлық бағдарлама» облыстық конкурсының жеңімпаздары және республикалық конкурстың іріктеу кезеңінен өткен химия пәнінің мұғалімі Искакова Дана Манаповна мен тарих пәнінің мұғалімі Әдей Жайнагүл қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша химия пәнінің мұғалімі Искакова Дана Манаповна II орын жеңімпазы атанып Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі Дипломымен марапатталады.