2017 жылдың 30 қазан күні Ақмола облысы білім басқармасы жаныңдағы Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы өзге ұлт өкілдері оқушыларының зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау, өзара қарым-қатынастарын ұйымдастыру, коммуникативтік мәдениетін дамыту, өзге ұлт өкілдері оқушыларының мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне ықпал жасау және ынталандыру мақсатында «Тіл дарын» облыстық шығармашылық жобалар байқауын өткізді. Біздің мектептен осы байқауға 11 «А» сынып оқушысы Шелопутова Алина мен 5 «А» сынып оқушысы Ким Камила қатысты. «Мемлекеттік тілдің мәртебесі» секциясы бойынша Шелопутова Алина I дәрежелі Дипломмен және «110 000 теңге» Сертификатымен марапатталды (жетекшісі Маханбетова Бакыткул Джанбековна, жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі).