Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке қабылдау тәртібі

31.05.2017

Мектеп мақсаты: оқушылардың ғылыми-дүниетанымын дамыта отырып, құзіретті, парасатты тұлға қалыптастыру.

Бағыты:жаратылыстану-математика

Бейіні: химия, биология

Жатақаханада тұратын  оқушылар асханада 5 мезгіл тамақтанады, төлемақысы айына 20%  (басқа қызметтер тегін). Сабақтан тыс «Жас биолог», «Жас эколог», «Жас химик», «Жас ғалым», «Жас тілші», «Жас эрудит», «Физика шеберханасы», «Ағылшын шеберханасы», «Өлкетану» үйірмелері, «Тәуекел» пікір-сайыс клубы, тоғызқұмалақ, «қазақша күрес», баскетбол, волейбол,  «Алтын сақа»  секциялары бар.

Мектепке қабылдау тәртібі

Емтихан күні:   6-10 сыныптар 19 маусым күні,  сағат 9.30-да

5-сынып 21 маусым күні, сағат 9.30-да

І Құжаттарды қабылдау тәртібі:

 Мектепке оқуға түсуге үміткер оқушылар төмендегі құжаттарды:

а)  Өтініш;

б)  жеке басын куәландыратын

құжат (туу туралы куәлік );

в)   медициналық анықтама;

г)   мекенжай анықтамасы;

д) оқу үлгерімі  мен тәртібі жайындағы табельдерінің білім беру ұйымының мөрімен бекітілген көшірмесі;

е)   білім беру ұйымының мөрімен бекітілген марапаттаулары мен дипломдарының  көшірмесі;

ІІ  Оқушылар қабылданбайды:

а)   конкурс жарияланған уақыттан кейін кеш тапсырылса;

б)  құжаттар талаптарға сай түгел жиналмаған жағдайда.

ІІІ  Мектепке қабылдау: 5-сыныпқа 40 оқушы, 6-10-сыныптарға ваканттық бос орынға қабылданады.

IV  Оқушылар конкурс бойынша мектепке қабылданады.  Конкурс екі кезеңнен тұрады:

1.  Бірінші кезеңде үміткерлерге мемлекеттік тілде эссе жазу ұсынылады.

Эссе жазуға:

5- сыныптар – 100-120 сөз

6-сыныптар –  120-140 сөз

7-сыныптар –  140-160 сөз

8–сыныптар  –160-180 сөз

9-сыныптар  - 180-200 сөз

10-сыныптар - 220-250 сөз

2.   Конкурстың  екінші  кезеңінде:

5- сыныптар: математика - бақылау, дүниетану – тест жұмысы

6-сыныптар: математика - бақылау,  биология – тест жұмысы

7-сыныптар: математика - бақылау,  биология – тест жұмысы

8–сыныптар: математика, физика – бақылау жұмысы

9-сыныптар: математика, физика, химия  - бақылау жұмысы

10-сыныптар: тарих (жазбаша), математика– бақылау жұмысы

V  Конкурста жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мектепке қабылдануға ұсынылады.

Просмотров: 413


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст