Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Кітап-ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясы.

05.03.2017

               «Кітап-ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясы.

  8 «Б» сынып оқушылары Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  25 үздік шығарманың ішінен М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесі бойынша оқырмандар конферениясын өткізуді таңдады.  

 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналында жарияланды. «Қорғансыздың күні» атты алғашқы әңгімесімен Мұхтар шын мағынасындағы еуропалық прозаның дәрежесінде көтерілді (Сәбит Мұқанов).

- Қай жердің табиғат суреті?

- «С.қаласының оңтүстігін жайлаған елдің қалаға қатынасатын қара жолының үстінде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажып келе жатқан керуенге Арқалық алыстан көріне дәмелендіріп тұрады. Жолдың аузында созылып жатқан көлденеңі он шақырымдай, бірақ ұзыны тәуір болғанмен енсіз кереге сықылды жалғыз жал. Не бауыр, не сыртында ықтасын жер жоқ. Арқалық жадағай жалғыз болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да панасы болмайды. Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды».

- Осы жолдар сізге болашақ оқиғаның қалай өрбитінін білдіреді?

- Осы кезде кім туралы әңгіме айтылушы еді? «Ақсақал мал қоралап болып, жайланып шайын ішіп, қазан аспаның аузында кейде жылтылдап, кейде лапылдап жанып жатқан отты көріп, бұрқылдап қайнап жатқан еттің исі мұрнына келіп отырғанда, серпіліп әңгіме айтатын.»

- Кімнің уайымы?

  «Уайымы - осы үйдегі үш әйелге ортақ болған жесірлік, жетімдік. Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіттер сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде жатқан Ғазизаның әкесі Жақып және туысқан кішкене бауыры Мұқаш… Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып зарлап қалғанда, маңайынан жиылған көрші-қолаң ғазиздердің сүйегін қабірге бергенін ойлағанда әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жасы тамшылап кетуші еді».

- Мына портреттен кейіпкердің қандай образ екенін танисың?

 «Сыпайы, нәзік өскен Ғазиза жіңішке, сұңғақ бойлы, аз ғана секпілі бар, дөңгелек ақ сұр жүзді.  Ғазиза- көрген көзге алғашқы жерде-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас. Жалғыз-ақ ұяң, жұмсақ қарайтын қара көзінде және ылғи шытынған, кірбеңдеген қабағында қалың уайымның салған ізі бар. Пішіні мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр».

- Бұл кімнің портреті? Кім, қандай адам?

 «Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды, шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше қаталдық бар. Кішкене мұрны көз-қабағына үйлеспейді. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады».

- Оқиға қалай аяқталды?

- Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай.

R.S. 8-сынып оқушыларының пікірі екіге жарылды. Біреулері Ғазиза өзін өлтірмеуі керек еді десе, біреулері ары қарай қалай өмір сүруі мүмкін еді,- деді. Соңында қазақта «бір төл артық туса, бір жусан артық өседі» деген бар, өзін өлімге қимауы керек еді, - деген пікірге тоқталды.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі:Маханбетова Б.Д. 8 «Б» сынып оқушылары

Жоламан мен Арлан

Риза мен Алина

Аружан, Гүлден, Нелли, Алтынбек, Сакен

Просмотров: 674


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст