Ақмола облысы білім басқармасының КММ "Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты"
КГУ «Областная специализированная школа-интернат №3 для одаренных детей (с казахским языком обучения)имени Абая , город Кокшетау» Управления образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ұстаз оқырмандар конференциясы туралы.

05.03.2017

Кітап - рухани қазына. «Ешбір мағынасыз сөз болмайды, ешбір мағынасыз кітап болмайды» деген екен Плеханов. Кез келген рухани дүниеде халық басынан кешкен уақыт пен заман ізі жатыр. Әрбір жас өз елінің әдебиеті, мәдениеті мен тарихын, әлем мойындаған М.Әуезовтің «Абай жолы» романын оқуы, білуі керек.

«Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес», - деген екен КСРО Халық әртісі С.Қожамқұлов. Сол айтқандай, оқушылардың көркем әдебиет оқуын үнемі қадағалап отырамын. 

Әрбір саналы азамат, мейлі ол мұғалім болсын, мейлі ол оқушы болсын Тәуелсіздік мерекесіне қандай үлес қостым деп өзіне есеп беріп отыруы керек. Осы орайда өзім сабақ беретін сынып оқушыларын  жас ерекшеліктеріне сай акцияға ат салысуға бағыттадым. «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  25 үздік шығарма оқу ұсынды. «Кітап – ғасыр мұрасы» атты кітап оқу акциясының мақсаты: көркем шығарма оқу арқылы қазіргі ұрпақтың өзін-өзі рухани жетілдіруі  қажеттігін ұғындыру.

       6-cынып оқушысының мүмкіндігіне орай жазушы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасы, 8-сынып оқушыларына М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» әңгімесін оқу ұсынылды.    

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст