Бүгін елімізде АНАЛАР КҮНІ! Әр қыркүйектің үшіншісі жексенбісіне тура келетін ғажап күн!
Барлық аналарды осы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Ана деген аяулы атты арқалап, түн ұйқыларыңызды бөліп бала бағып, отбасының құты мен берекесін болып отырғандарыңызға мың алғыс!
Бәріміз анадан жаралдық, аналар үшін үнемі сәбиміз. Ұлттың болашағы аналарымыздың амандығында, аналарымыздың батасында! Алпыс екі тамырын идіртіп ана сүтімен берген бар өнегесі мен тәрбиесі, адамзатты әлдилеген бесік жыры – ешнәрсеге бергісіз асыл қазына!
Аналарды ардақтайық! Аналарға ауыртпалық салмайық! Әлемді тербеткен әйел-аналарымыздың амандығын тілейік!
Бүгінгі Аналар күніне челендж. Сториске өз анаңызбен түскен фотоны қойып, мені белгілеңіз. Аналарды бір қуантайық🌹🌹🌹