Мектебімізге қазақтың ұлы ақыны Абай есімі берілуі іс-шарасы аясында Ақмола облысы әкімі Ермек Боранбайұлы бастамасымен мектеп ауласында "Абай аллеясы" бой көтерді. Ағаш отырғызу рәсімін жүргізіп, аллея аумағын әлі де кеңейте түсу қажеттігін тапсырды.
Іс-шарада ақын Қуаныш Оюлы өз шығармаларынан орыны бөлек "Абайға арнау" өлеңін оқыды.
Мектеп-интернатының түлегі, суырыпсалма ақын, Қазақстан жазушылар одағының, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Мәлік Ғабдуллин атындағы мұражайдың директоры Құдайберлі Мырзабек ағамыз қатысып,
"Бұл Көкшетау қаласының тұрғындары үшін үлкен мақтаныш! Әсіресе осы мектептің түлектері үшін. Біздің қуанышымыз шексіз. Бұл мектеп бұрыннан да өзінің жақсы даңқыменен, белгілі шәкірттеріменен бүкіл Қазақстанға деп айтуға болады, танымал мектеп. Енді Абайдың шарапаты, Абайдың шұғыласы осы мектепке жайыла берсін!"-деп шынайы тілектестігін, қуанышын білдірді.
Мектеп Ұжымы іс-шараға үлкен, шексіз қолдау білдірген Ақмола облысы білім басқармасына, алтын уақыттарын бөліп, арнайы келген зиялы қауым өкілдері Құдайберлі Мырзабек, Оюлы Қуаныш, Мерген Тоқсанбайға және ардагер Ұстаздарымызға Алғыс білдіреміз!